Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

СҚО полицейлері бір түнде төрт мас жүргізушіні анықтады

baq.kz

 СҚО полицейлері бір түнде төрт мас жүргізушіні анықтады

СҚО полицейлері бір түнде төрт мас жүргізушіні анықтады Авторы Алинура Ералықызы 8 Ақпан 2023 ж., 15:46 жарияланған 15 Петропавл полицейлері бір түнде мас күйде көлік тізгіндеген төрт жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Қауіпсіз апта” жедел-алдын алу іс-шарасы режимінде жұмыс істеп жатыр. Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайту бойынша шаралар күшейтілді. Тексеру барысында 8 ақпанға қараған түні батальон экипаждары көлік құралдарын мас күйінде басқарудың 4 фактісін анықтады. Бөкетов көшесінде, Уәлиханов көшесінде, Панфилов пен Урожайная көшелерінің қиылысында және “Локомотив” саяжай қоғамында Toyota Prado, BMW, Volkswagen және ВАЗ 21060 автокөліктері тоқтатылды. Жүргізушілердің үшеуінің жасы 30-ға толмаған, сонымен қатар Toyota көлігін басқарған жас жігіт 18 жасқа енді толғандығы белгілі болды. – Барлық жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша материалдар жиналды. Оларға 15 тәулік әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл басқару құқығынан айыру қаупі төніп тұр. Сонымен қатар, мас күйде көлік басқару ауыр зардаптары бар ЖКО жасауға әкеп соғады, мұндай фактілерді анықтау және жолын кесу жұмыстары рейдтік, жедел-профилактикалық іс-шаралар мен жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған акциялар шеңберінде тұрақты негізде жүргізіледі, — деп хабарлайды Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Қанат Әлімжанов.Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/sqo-politsejleri-bir-tunde-tort-mas-zhurgizushini-anyqtady/
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024