Қазақстанда тозығы жеткен қанша су қоймасы бар?

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Галидулла Азидуллин айтты. Елімізде 10 ірі су қоймасы бар. Бүгінде барлық гидротехникалық құрылғы, оның ішінде барлық су қоймасы тексеруден өткізілді. Ондағы мәселені «Қазсушар» РМК-ның мамандары ғана емес, бассейндік инспекциялар және Төтенше жағдайлар министрлігі қарады, - деп айтты вице-министр. Галидулла Азидуллиннің айтуына қарағанда, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында авариялық жағдайда тұрған 2 су қоймасы транзиттік режимге қойылды. Бұл су қоймайларында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен су тасқыны апаты болмауы үшін олар транизиттік режимге қойылды. Онда су жиналмайды, - деп түсіндірді Галидулла Азидуллин ОКҚ-да. Қазақстанда мынадай ірі су қоймалары бар: 1. Бұқтырма, Шүлбі – Шығыс Қазақстан облысы; 2. Астана, Селеті, Чаглинка – Ақмола облысы; 3. Самарқант, Ынтымақ, Шерубай-Нұра су қоймасы – Қарағанды облысы; 4. Жоғары Тобыл, Қаратомар – Қостанай облысы.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар