Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия мүфтиімен телефон арқылы сөйлесті

baq.kz

 Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия мүфтиімен телефон арқылы сөйлесті

ҚМДБ-ның хабарлауынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен телефон арқылы сөйлесіп, бауырлас елде болған қайғылы оқиғаға байланысты тағы да көңіл айтып, ізгі ниетін жеткізді. Түркия еліндегі қайғылы жағдай біздің де жанымызға қатты батты. Қазақстандағы барлық мешітте дұға арнайы жасалып жатыр. Алла Тағала Түркия, Сирия жұртына көркем сабыр берсін. Біз сіздермен біргеміз. Раббымыз осы сынақтың артынан жеңілдік пен қуаныш нәсіп етсін, - деді Наурызбай қажы Тағанұлы. Түркия мүфтиі еліміздегі барша дін қызметкеріне алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024