Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды

almaty-akshamy.kz

Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ОСК сайтына сілтеме жасап. «2023 жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды: 1. «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі; 2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі; 3. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»; 4. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі; 5. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі; 6. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі; 7. «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі», - делінген ОСК-ның ақпараттық хабарламасында. Еске салсақ, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024