Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Журналистердің жұмысына кедергі келтірген күзетші сотталды

almaty-akshamy.kz

Журналистердің жұмысына кедергі келтірген күзетші сотталды

Петропавлда БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметіне кедергі келтіру бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғалып, сот үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қалалық соты бүгін журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтіру дерегі бойынша айыпталушы С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. 2021 жылдың 2 тамызы күні «Хабар» агенттігінің журналистері «Ashyq» мобильді қосымшасы жайында сюжет түсіру үшін «DostyqMall» ойын-сауық орталығына барады. Алайда, орталықтың қауіпсіздік қызметінің бастығы С. бейнеоператорға түсірілім жасауға рұқсат бермейді. Кейін оның нұсқауымен күзет қызметінің қызметкерлері түсірілім тобын далаға шығарып жіберген. Күш көрсетуден бейнекамераға зақым келді. Сотталушының кінәсі дәлелденді. Прокуратура ҚР «Рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданып, негізгі жазадан босата отыра, сотталушының бостандығын бір жылға шектеуді және үш жылға дейін күзет қызметіне қатысты лауазымды атқару құқығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындап, өзін ақтауды өтінді. Сот сотталушының кішкентай үш баласының барын есепке алып, бостандығын бір жылға шектеу туралы үкім шығарды. Бірақ, ҚР «Рақымшылық жасау туралы» Заңы негізінде жазадан босатылды. Сондай-ақ, отбасының жалғыз асыраушысы екені ескеріліп, қосымша жаза қолданылмады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024