Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркияда Мұстафа Өзтүріктің туыстары жер сілкінісінен зардап шекті

almaty-akshamy.kz

Түркияда Мұстафа Өзтүріктің туыстары жер сілкінісінен зардап шекті

Соңғы ақпарат бойынша Түркиядағы жер сілкінісінен 9557 адам қаза тапты. Тағы 40 мыңға жуығы жарақат алған. Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрінің мәлімдеуінше, апат мың шақырымға жуық аумаққа әсер еткен. Ол жерде шамамен 13 жарым миллион адам өмір сүреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Хабар-24 телеарнасына сілтеме жасап. Түркияда 7 баллдан жоғары қос жер сілкінісінен кейін тұрғындар аймақта 11 302 ғимараттың қирағанын хабарлады. 5 775 нысанның бұзылғаны ресми тіркелді. Осы уақытқа дейін қуаттылығы әртүрлі 684 сейсмикалық толқу болды. Қайталанып жатса, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін жергілікті әкімшілік- халыққа апатты ғимараттарға жақындамауын ескертті. - 55 сағатымызды аяқтадық. 7,7 баллдан кейін біз 7,6 баллдық екінші жер сілкінісін бастан өткердік. Күрес ең сезімтал және қарқынды түрде жалғасуда. Измирдегі жер сілкінісінің 110-сағатында үйінді астынан сәбилеріміз бен балғындарымызды алып шықтық. Мұнда да іздестіру-құтқару жұмыстарын осы мотивациямен табанды түрде жүргізіп жатырмыз, - дейді Түркияның Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі Мұрат Курум. Өкінішке қарай, Хатай провинциясында екі қандасымыз үйінді астында қалып қойған. Олар Мұстафа Өзтүріктің туыстары екені белгілі болды. Есімдері Нұрай және Бушра Қазақ. Тап қазір қаракөздерімізге көмектесу үшін Ыстамбұлдан бір топ еріктілер шыққан. - Қазір Антакияға (Хатайға) кірдік. Жүк көлігінің ішіндеміз. Жығылған үйіміз бар. Үйіндінің ішінде қазақ әпкеміз бен қарындасымыз бар. Соларға көмектесу үшін бара жатырмыз. Жолдар өте қиын. Машиналар жүрмейді. Көмек үшін фурамен жүрміз. Ішінде аттар бар. Сол көмекке апаратын. Тез уақытта жетуіміз керек. Әпкеміз бен қарындасымыз үш күннен бері жығылған үйдің астында. Соған тез көмек сұрап отырмыз, - дейді Еркан Шалышкан. Төтенше жағдайлар басқармасының мәлімдеуінше, жер сілкінісі аймағында 50 мыңнан астам шатырлар құрылған. Онда зілзаладан зардап шеккен тұрғындар орналастырылмақ. Бұдан бөлек Ыстамбұл биржасының транзакциялардың уақытша тоқтатылғаны белгілі болды. Айта кеткен жөн, ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросы Түркия мен Сириядағы жер сілкінісін 3-деңгейдегі төтенше жағдай деп жариялады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024