"Дауыс" байқаушылары сайлау мониторингінің қорытындысын шығарды

Қоғамдық байқаушылар коалициясының мүшелері сайлау мониторингінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Байқаушылардың жұмысын Қазақстанның барлық облыстарынан аймақтық штаб басшылары кірген «Дауыс» ҚБК Республикалық байқаушылар штабы үйлестіреді. Айта кету керек, «Дауыс» ҚБК бастамалары басқа да қоғамдық ұйымдар тарапынан қолдау тапты. Ал биылғы сайлау науқанында «Дауыс» ҚБК байқаушыларды оқыту мен дайындауға көмектесетін 162 ҮЕҰ әріптестікте жұмыс істеп жатыр. Бақылаушылар пулын қалыптастыру нәтижелері бойынша «ДАУЫС» ҚБК оқыту іс-шараларының сериясын бастады. Өңірлерде барлығы 682 тренинг пен семинар өткізіліп, 18 мыңнан астам байқаушы қамтылды.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
9 мамыр 2025
9 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар