Мәдина Нұршаева ширек финалға өтті

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Мәдина Нұршаева ширек финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстандық боксшы 1/8 финалда оңтүстіккореялық Хонген Чоймен жұдырықтасты. Мәдина бірден жекпе-жек тізгінін қолға ала білді. Үшінші раундта тіпті қарсыласын нокдаунға жіберді. Төрешілер шешімі - 5:0, жеңіс М.Нұршаеваның пайдасында. Тағы бір қазақстандық Жазира Орақбаева бүгін жарыс жолынан шығып қалды. Ол 52 келіге дейінгі салмақта үндістандық Сакши Сакшиге есе жіберді - 0:5. Бүгін сондай-ақ Жайна Шекербекова (54 кг) өзбекстандық Нигина Уктамовамен, Валентина Хальзова венесуэлалық Мариэлис Ирисамен шаршы алаңға шығады.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар