Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Президент еліміздің Ақпараттық доктринасын бекітті

baq.kz

 Президент еліміздің Ақпараттық доктринасын бекітті

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлесін және бекітсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген Жарлықта. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢАҚПАРАТТЫҚ ДОКТРИНАСЫ Мазмұны 1-бөлім. Кіріспе 2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау 3-бөлім. Негізгі ережелер 3.1. Мақсаттары мен қағидаттары 3.2. Ақпараттық кеңістікті дамыту пайымы 3.3. Ақпараттық кеңістікті дамыту тәсілдері 3.3.1. Ақпараттық саясатты жетілдіру 3.3.2. Отандық ақпараттық контенттің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыру 3.3.3. Ақпараттық кеңістікті құндылықтық тұрғыдан толықтыру 4-бөлім. Қорытынды 1-бөлім. Кіріспе Елдің бірыңғай ақпараттық кеңістігінің орнықты жұмыс істеуін дамыту мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың базалық басымдықтарының бірі болып табылады. Осы бағыт шеңберінде ашық ақпараттық кеңістікті, сұранысқа ие және мықты медианы қалыптастыруға, Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген сөз бостандығын, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алу және тарату құқығын қамтамасыз етуге байланысты міндеттер кешені шешіледі. Сонымен қатар, ақпараттық саладағы жаңа шынайы жағдай мен туындап жатқан ақпараттық қауіпсіздік қатерлері мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу тәсілдерін қайта ойластыруды, ақпараттық салада мемлекеттік институттар мен басқа да қоғамдық қатынастар субъектілерінің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жалпы парадигмасын өзгертуді талап етеді. Бүгінгі күні әлем өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Ақпараттық саланың барған сайын серпінді дамуымен күшейген жаһандану процесі жалғасуда. Технологиялардың дамуы, жаңа цифрлық және ақпараттық-коммуникациялық құралдардың жаппай енуі қазіргі заманғы медиакеңістікті түбегейлі түрде өзгертті. Геосаяси турбуленттілік және халықаралық саяси аренадағы өзара сенімсіздіктің күшеюі ақпараттық өзара іс-мәселелеріне жаңаша қарауға мәжбүр етуде. Анық ақпаратты тарату, анық емес және манипуляциялық ақпаратқа қарсы іс-қимыл және жалпы алғанда, қоғамның бұқаралық ақпарат құралдарына (бұдан әрі – БАҚ) деген сенімін арттыру мәселелері барған сайын өзекті бола түсуде. Саяси жаңғыру және қоғам өмірін одан әрі демократияландыру міндеттерін шешу ақпараттық саланы ырықтандыру, БАҚ саласындағы қарым-қатынасты шамадан тыс регламенттеуден бас тарту, сөз бостандығы мен пікір білдіру кепілдіктерін күшейту қажеттігіне байланысты. Олардың негізінде Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан процестерге өзіндік көзқарасы бар, бәсекеге қабілетті және еркін БАҚ-тардың жұмыс істеуінің маңыздылығын ұғыну жатыр. Елдің шынайы ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық егемендігі осыған байланысты. Жалпыұлттық құндылықтар мен саяси-әлеуметтік дүниетанымның тұтас жүйесін, әсіресе тарихи турбуленттілік жағдайында қалыптастыруға деген сұраныс артып келеді. Осыған байланысты, жаһандық ақпараттық экожүйенің толыққанды қатысушысы ретінде Қазақстан Республикасының алдында елдің осы саладағы ұлттық мүдделерінің мәнін көрсететін нақты ақпараттық-коммуникациялық императивтер мен құндылық бағдарларын әзірлеу міндеті тұр. Бұл стратегиялық міндетті іске асыру ұзақ мерзімді перспективада мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі векторы мен базалық тәсілдерін айқындауға мүмкіндік беретін доктриналық, дүниетанымдық сипаттағы құжат әзірлеуді талап етеді. Ақпараттық доктрина (бұдан әрі – доктрина) отандық ақпараттық саланы дамыту көзқарастарының, оның ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қағидаттары мен тетіктерінің жүйесін білдіреді. Доктрина халықтың мүддесіне сай келетін, мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуына ықпал ететін идеялық-құндылық бағдарларды да айқындайтын болады. Ақпараттық-коммуникациялық саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың негізге алынатын құжаты бола отырып, доктрина қоғам мен мемлекет мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге, медиалық процестің барлық субъектілерінің құқықтарын іске асыруы үшін тең жағдайлар жасауға арналған. Доктринаны іске асырудың негізгі бағыты елдің және оның азаматтарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ақпараттық сын-қатерлер мен тәуекелдерге уақтылы ден қою болып табылады. 2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның ақпараттық саясаты өз дамуының бірнеше кезеңінен өтті. 1990-шы жылдардың басынан 2000-шы жылдардың басына дейін отандық телевизия мен баспа индустриясының белсенді түрде қалыптасу үрдісі байқалды. Осы кезеңде мемлекеттік ақпараттық саясат отандық БАҚ-ты қолдауға бағытталды, бірақ, бұл ретте медиасаланың барлық субъектілерінен тең қашықтықты сақтау қағидатын ұстанды. 2000 – 2010 жылдар аралығында отандық медианың дамуына, ақпарат тарату нарығында үстемдікке ұмтылатын ірі ойыншылардың пайда болуына орай мемлекеттік ақпараттық саясат медиалық саланы реттеу әдістерін регламенттеуге және күшейтуге бағытталды. Соңғы жылдары ұлттық медиакеңістігі біртіндеп, бірақ айтарлықтай трансформацияға ұшырауда. Жаңа коммуникация арналарының пайда болуына байланысты аудиторияны одан әрі сегменттей отырып, медиатұтыну мәдениеті де өзгерді. Ақпараттық орта шекараларының біртіндеп жойылуы бұқаралық санаға әсер ететін факторлардың спектрін кеңейтті. Дегенмен, «мемлекет – қоғам – азамат» қатынастары жүйесіндегі коммуникативтік тетіктердің жетілмегендігі ақпараттық ашықтық қағидатын толыққанды іске асыруға кедергі келтіреді. Мемлекеттік және қоғамдық институттардың мәлімделетін ақпараттық ашықтығы ақпараттық жұмысты жоспарлау мен жүргізу тәсілдерін қайта қарауды және формализм көріністерін жоюды талап етеді. Құқық қолдану практикасын бағалау қоғамның ақпаратқа қол жеткізу құқығы туралы нашар білетінін, халықтың ақпараттық сауаттылық деңгейінің төмен екенін көрсетеді. Бұл ақпараттық ұшындыруға қарсы іс-қимыл тетіктері тиімділігінің төмен болуымен бірге тұтынушылардың оқиғаларды бұрмалап қабылдауына ықпал етеді және қате мінез-құлық көзқарастарын қалыптастырады. Медиалық кеңістікте түрлі манипуляторлық технологияларды пайдалана отырып, арандатушы және беделін түсіруші контентті тарату қаупі азаматтардың, әсіресе кәмелетке толмағандардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын көрсетеді. Оның үстіне, «нейрожелі» және «deepfake» технологияларының таралуына орай медиакеңістікке жалған бейне-, аудиоконтентті тарату тәуекелі де бар. Жалпы алғанда, ақпараттық кеңістіктің ашықтығы республиканың медиалық саласының жалпы әлемдік трендтерден артта қалғанын көрсетті, бұл отандық БАҚ-тың тіпті ішкі ақпараттық өрісте де шетелдіктермен бәсекелес болуын қиындата түседі. Осы тұрғыда қазақ тіліндегі ақпараттық ресурстардың қоғамдық сананы қалыптастыруға әсер ету мәселесі өте өзекті болып отыр. Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің дамуын талдау отандық ақпараттық ортаны азаматтардың құндылық-идеологиялық көзқарастарына теріс әсер ететін және ішкі саяси тұрақтылыққа қатер төндіретін сыртқы деструктивті әсерден, жалған ақпараттан қорғау жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін көрсетеді. Сонымен қатар, БАҚ-тың жекелеген түрлері бөлінісінде отандық медиасаланы дамытудың өзіндік ерекшеліктері бар: 1. Бүгінгі күні азаматтардың 9 %-дан астамы үшін баспа басылымдары әлі де негізгі ақпарат көзі болып қалып отыр. Бұл ретте газет оқуға деген қызығушылықтың адам жасына тікелей тәуелді екені байқалады – адамның жасы неғұрлым үлкен болса, ол баспа басылымдарын соғұрлым жиі оқиды. Ауқымды аудиторияның баламалы коммуникация арналарына көшуі қоғамның баспа басылымдарына деген қызығушылығының ұдайы төмендеп бара жатқанын айғақтайды. Осындай жағдай телерадио хабарларын таратуда да байқалады. Бірақ, бұл ретте танымалдылық деңгейіндегі алшақтық әсіресе өңірлер бөлінісінде жергілікті телевизия деңгейінде байқалады, бұл көбінесе монетизация деңгейінің төмендігіне және халыққа ұсынылатын контенттің сапасына байланысты. Негізгі телевизия контенті сериалдар мен ойын-сауық сипаттағы ток-шоуларға толы. БАҚ-тың танымал болуының маңызды құрамдас бөліктері, халықтың медиалық сауаттылығын арттыру және тұтынылатын контентке сыни көзқарасты қалыптастыру факторы – талдамалық бағдарламалардың, журналистік зерттеулердің, жарқын публицистиканың тапшылығы байқалады. Жалпы, телерадио хабарларын тарату саласындағы барлық субъектілердің техникалық базасы елеулі түрде жаңғыртуды қажет етеді. Дегенмен, телевизия мен радио өзінің аудиториясы ең ауқымды болатын, ең ықпалды ақпарат көздерінің бірі болып қала береді. Сонымен қатар, олар төтенше жағдайлар кезінде халықты жедел хабардар ету міндеттерін шешу құралы болып табылады, елдің ең шалғай нүктелеріне жетуге мүмкіндік береді және адамдардың елде және әлемде болып жатқан оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді. Отандық теле- және радиостанцияларға тиісті көңіл бөлінген жағдайда, олардың шетелдік медиа алпауыттарымен бәсекеге түсуге мүмкіндік беретіндей әлеуеті бар екенін атап өту қажет. Бұл ретте мемлекеттік тілдегі контенттің оң өсу серпіні байқалады және орта мерзімді перспективада бұл үрдіс тек күшейе түседі. 2. Соңғы жылдары интернет-ресурстар отандық БАҚ арасында кең танымалдыққа ие болуда, бірақ мұндада мемлекеттік тілде сапалы контент жасау мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Бұл ретте интернет-БАҚ тек жаңалықтар таспасы форматында ғана басым бола бастады. Бейінді жаңалықтар материалдарын жасаумен қатар, авторлық және журналистік зерттеуді дамыту өзекті күйінде қалып отыр. Жергілікті жерлерде, оның ішінде конвергентті және мультимедиялық журналистика бойынша кәсіби мамандардың жетіспеушілігі салдарынан тұрғындарды жедел хабардар ету әлі күнге дейін қамтамасыз етілмейді. Интернет-БАҚ-ты негізінен жаңалықтар агрегаторы ретінде көрсету контент тұтынушыларының әлеуметтік медиаға көшуіне белгілі бір дәрежеде ықпал етті. Бұл бағыттағы тағы бір өзекті мәселе – нарықтың шектеулі екені.19 миллион халқы бар еліміз үшін интернет-БАҚ-тың жұмысын монетизациялау өте қиын, бұл отандық журналистердің біліктілігіне де теріс әсер етеді. 3. Мобильді Интернеттің
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024