Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақпараттық доктрина – отандық ақпараттық саланы дамытуға мүмкіндік береді

baq.kz

 Ақпараттық доктрина – отандық ақпараттық саланы дамытуға мүмкіндік береді

Ақпараттық доктрина қазіргі заманғы мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру философиясы мен рухын көрсететін тұжырымдамалық құжат. Сонымен қатар, аталған құжат отандық ақпараттық саланы дамытуға көзқарастар жүйесін, оның ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қағидаттары мен тетіктерін айқындайды. Халық мүддесіне сай келетін, мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуына ықпал ететін идеялық-құндылықтарға басымдық берілген. Медиалық процестің барлық субъектілерінің құқықтарын іске асыруы үшін тең жағдайлар жасауға арналған. Президент жарлығымен бекітілген құжатта елдің және азаматтардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ақпараттық сын-қатерлер мен тәуекелдерге уақтылы ден қою мәселелері де қамтылған. Сонымен қатар, ақпараттық доктрина отандық ақпараттық өнімнің және жалпы саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға; ақпараттық өрістің негізгі саяси-идеологиялық бағыттарында ұлттық құндылықтардың үстемдігін қамтамасыз етуге; сыртқы ақпараттық ықпалды тежеудің тиімді тетіктерін әзірлеуге; халықаралық деңгейде сапалы ақпараттық қатысуды арттыруға; саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге ықпал етуге тиіс. Яғни, құжатта еліміздің ақпараттық саясатын жүйелі іске асыруға бағытталған көптеген мәселелерді шешуге, ықтимал тәуекелдерді алдын алуға және осы жоғары серпінді салада жүйелік саясатты құруға мүмкіндік береді. Доктрина жариялаған ақпараттық саладағы қоғамдық қатынастардың барлық субъектілерінің өзара іс-қимылының негізгі қағидаттарын сақтау елдің медиа саласын дамудың жаңа сапалық, бәсекеге қабілетті деңгейіне шығарады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024