Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қоғамдық көліктерде «Наурыз думан» акциясы өтті

baq.kz

 Қоғамдық көліктерде «Наурыз думан» акциясы өтті

Мекеме қызметкерлері, Қорқыт Ата атындағы педагогикалық дәстүрлі өнер институтының өнерпаздарымен бірге №11 автобустарға мініп, қала тұрғындарына қуаныш сыйлады. Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің «Қоғамдық жаңғырту» бөлімінің қызметкерлерінің айтуынша бұл акцияның негізгі мақсаты халыққа жақсы көңіл-күй сыйлау. Береке мен бірлік, адамдардың бір-біріне деген құрметі мен ризалық сезімін арттыру болып табылады. Өзіміз куә болғандай, қоғамдық көліктегі бүгінгі атмосфера мүлдем бөлек болды. Жолаушылардың мерекені сезінгендері жүздерінен аңғарылды. «Ел алғысын алсаң елеулі боларсың» деп аталарымыз ұрпағына үнемі осындай ізгілікті өсиет еткен. Бұл адамның адамға деген шынайы ниетін білдіреді. Осы ретте, ұйымдастырушылар мен жас өнерпаздарға жолаушылар алғыс айтып, «Ұлыс оң, ақ мол болсын! Өнерлерің өрге жүзсін!» деп ізгі тілектерін жаудырды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024