Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ТЖМ су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды атады

baq.kz

 ТЖМ су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды атады

Қаһарман Оразалин дерегінше, Қазгидрометтің мәліметтері бойынша Қазақстанның қар басқан аумағының ауданы 39 процентке азайған. 22-24 наурызда еліміздің солтүстік аудандарының аумақтарына қар және жауын-шашынның түсуімен солтүстік циклоны өтеді. 21 наурыздан бастап Павлодар және Ұлытау, 22 наурыздан Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында біртіндеп күндізгі температура 3-13 градусқа дейін жоғарылауы күтіліп отыр, - деп айтты Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы ОКҚ алаңында өткен брифингте. Сөзінше, қалған қар қорын және алдағы жылыну мерзімі мен көлемінің болжамын ескере отырып, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында су тасқынының жоғары қаупі сақталады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024