Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде 180-ге жуық тұрғын үйді су басты

kz.kursiv.media

Елімізде 180-ге жуық тұрғын үйді су басты

Бүгін 2023 жылғы 20 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде «Су тасқыны кезеңінің өтуі туралы» тақырыбында брифинг өткізілді.Спикерлер болып Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Каһарман Оразалин, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин сөз сөйледі. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Су тасқыны басталғаннан бері Түркістан, Павлодар, Абай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 162 тұрғын үй, 3 ғимаратты және 20 саяжай үйін еріген қар және жаңбыр суы басты. Барлығы 957 адам эвакуацияланды, 5,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерлерге айдалды. Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында 13 тұрғын үй су астында қалып отыр. Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың 8 учаскесін су шаюда. Ақтөбе облысында 311адам уақытша эвакуациялау пункттерінде және туыстарының үйлеріне орналастырылды, 646 адам өз үйлеріне оралды. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы мен 5 ауданында және Ақтөбе облысының Қобда ауданында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар жарияланды. 14-20 наурыз аралығында Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 850 мыңнан астам текше метр су сорылды, инертті материал салынған 63 000-ға жуық қап төселді, 13 учаскеде су бұру үшін траншеялар қазылды, ұзындығы 3,6 км жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Батыс Қазақстан облысында су тасқыны күрделенген кезде Ресейдегі Жайық өзенінің жоғарғы ағысындағы гидрологиялық жағдайға байланысты Жайық өзенін қоспағанда, облыс өзендерінде өтті. Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 3,5 мыңнан астам адам, 500 бірлік техника, 300 су сору және жүзу құралдары жұмылдырылды. Мүдделі қызметтер мен ұйымдардың қатысуымен республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді. Су тасқыны кезеңінің басынан бастап дауылды ескерту туралы 5 397 СМС-хабарлама, «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы 884 хабарлама жіберілді. «Жедел желі» телефонына ақпараттық сипаттағы 350-ден астам қоңырау түсті.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024