Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Си Цзиньпин Ресейге қызметтік сапармен келді

kz.kursiv.media

Си Цзиньпин Ресейге қызметтік сапармен келді

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Ресейге мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады. Қытай басшысының ұшағы Мәскеудің «Внуково-2» әуежайына қонды. ҚХР төрағасының Ресейге мемлекеттік сапары Владимир Путинмен жеке кездесу форматындағы келіссөздерден басталады. Бұл Си Цзиньпиннің ҚХР Төрағасы лауазымына қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы шетелдік сапары. Қытай көшбасшысы Ресейге соңғы рет 2019 жылдың маусымында мемлекеттік сапармен келген. Путин өз кезегінде Қытайға 2022 жылдың ақпан айының басында Бейжің Олимпиадасының ашылуында келді. Делегациялардың қатысуымен кеңейтілген форматтағы Ресей-Қытай келіссөздері ҚХР төрағасының Мәскеуге сапарының екінші күні өтеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024