Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте жаңа ипподром ашылды

kz.otyrar.kz

Шымкентте жаңа ипподром ашылды

Шымкентте жаңа ипподром пайдалануға берілді. Ашылу салтанаты көктемнің басты мерекесі Әз-Наурыздың қарсаңында өтті. Жаңа спорт нысаны барлық халықаралық стандарттарға сай салынған. Ал бүгін кешенде ұлттық спорт түрлерінен халықаралық турнир басталды. Бүгін Наурыз мерекесінің қарсаңында Шымкентте жаңа ипподром пайдалануға берілді. Су жаңа нысанның ашылу салтанаты «Наурыз Шымкенттен басталады» мерекелік іс-шарасының аясында өтті. Ауқымды ашылу салтанаты елдің әр өңірінің салт-дәстүрін насихаттайтын керуенді күтіп алудан басталады. Іс-шараға кала әкімі М.Әйтенов қатысып, жаңа кешенді өз қаржысының есебінен салып, Шымкент қаласына тарту еткені үшін демеушілерге алғысын білдірді. Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Дамытуға әсер беретін үлкен жаңа заманауи ипподромның ашылуына куә болып отырмыз. Біріншіден осы үлкен қаламызда спорттың дамуына атсалысатын ипподромды біздің қаламызға сыйлағаны үшін қала тұрғындары атынан ВІ- group басшыларына үлкен алғыс айтамыз». Жаңа ипподромда көкпар, бәйге, қазақ күресі секілді спорттың 9 түрінен халықаралық турнир басталды. 1000-ға жуық спортшы қатысып жатқан спорттық жарыс 3 күнге созылып, 22-наурыз күні жеңімпаздары анықталады. Қатысушылардың 126-сы 10 мемлекеттен келген. Ал аталған турнирде Шымкент қаласынан 130 спортшы бақ сынап отыр. Ипподромның салтанатты ашылуына арналған бағдарламаны елдің әр аймағынан келген қонақтар, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшылығы, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары тамашалады. Жаңа ипподром кешені атқа мінуге арналған елдегі ең үлкен спорттық нысан болмақ. Данияр Мыңбаев, Шымкент қаласы ұлттық спорт және ат спорты клубының директоры:«Көкпар алаңы стандартқа сай және бәйге алаңының жолақтары бар. Ені 20 метр болса, ұзындығы 2 метр. Барлығы заманауи талаптармен салынған. Мамандармен ақылдасқан. Сондықтан, Құдай қаласа, ұлт спорты бұдан да жоғары қарқында дамиды деген сенімдеміз». Жаңа кешен аумағында 1 500 көрерменге арналған трибуна, ат аренасы бар манеждер, жабық стенд ғимараты, ветеринарлық блок қарастырылған. Ұзындығы 2012 метр жарыс жолы салынған. Көкпарға, атпен секіруге арналған алаңдар кварцты құмдармен, табиғи тастармен безендірілген. Әлемдік стандарттарға сай салынған ипподром Шымкенттегі халықаралық спорт және ойын-сауық жарыстары өтетін орындардың біріне айналмақ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024