Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қашаған мұнайы Ақтау-Баку бағыты арқылы тасымалдана бастады

almaty-akshamy.kz

Қашаған мұнайы Ақтау-Баку бағыты арқылы тасымалдана бастады

БАКУ. АЗЕРТАДЖ – ҚазАқпарат – Қазақстандық «Қашаған» кенішінен алынған мұнай Каспий теңізі арқылы Ақтау-Баку бағытында тасымалдана бастады, -деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Жаңа бағыт бойынша тасымал «Әзербайжан Каспий теңіз пароходы» ЖАҚ (ASCO) Теңіз көлік флотына қарасты «Академик Хошбахт Юсифзаде» танкерінің көмегімен жүзеге асырылады. АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, бірінші партия аясында танкердің резервуарына барлығы 6 900 тонна шикі мұнай тиелген. Ақтау портынан сапарға шықан танкер Әзербайжанның «Сангачал» терминалына жеткізіледі. Айта кетейік, Президент Ильхам Алиевтің қатысуымен 2022 жылы іске қосылған «Академик Хошбахт Юсифзаде» танкері 7800 тонна жүк көтере алады. Бұл танкермен мұнаймен қатар химиялық өнімдерді де тасымалдауға болады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024