Теміртауда төтенше жағдай жарияланды

Телеарна мәліметінше, жарылыс үшінші қабаттағы пәтерде болған. Кейін от шығып, үйдегі екі зейнеткер қатты күйіп қалған. Ал 2 мен 7 жас аралығындағы бес балаға иіс тиген. Қазір балалар үйде емделіп жатыр. "Жансақтау бөліміне жеткізілген екі әйелдің денесінің 80 пайызын күйік шалған. Оның бірі кеше көз жұмып, екіншісі әлі ауыр хәлде жатыр", - деп хабарланды телеарна мәліметінде. Сондай-ақ жарылыстан кейін пәтерлердің қабырғалары бұзылған. Сол себепті подьездегі 25 тұрғын үйден шығарылып, ғамаратты тексеру басталды. Олардың баспанасына қашан оралатыны әзірге белгісіз. Себебі, көпқабатты үй тұруға жарамсыз дейді шенеуніктер. "Сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша үшінші подъездегі пәтерлердің қабырғалары мен төбесі жарылған. Теміртау қаласы әкімі төтенше жағдай жариялау шешімін шығарды. Жөндеу бюджет есебінен жүргізіледі. Тұрғындарға да материалдық көмек беру қарастырылған", - дейді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Владислав Цай.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
9 мамыр 2025
9 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар