«Бәріне стрессті кінәлап отырмын» - Дариға Бадықова ауырып қалды

“Денсаулық құлағыма сыбырлай береді. Сырын білдіріп, айтып жатыр. Бәріне стрессті кінәлап отырмын. Жанталас көбейіп кетті. Кей адамдар дәрігерге қаралуға мүмкіндік бермейді. “Есегім судан өтіп алсыншы” дейді. Көңілдеріне қарап қаламын. Бүгін тұрып өзіме: “Ешкімнің көңіліне қарама, етегі жасқа толғанды тыңдама. “Осы ісіме көмектесіп жіберші” дегендерге “Жағдайың менікінен жақсы. Көмек сұрай бермеші” деп айт”, – деп ішкі сырымен бөлісті актриса. Ол өзіне өтінішпен келетіндерден шаршағанын айтып, енді тек өзіне пайдалы іспен айналысатын боп шешті. “Енді өзіме пайдасы болса ғана істеймін деген ойға келдім. “Мынандай жұмыс бар еді, ақшасы осындай деген кісілер хабарласпаңыздаршы. Оның өзі стресс”, – деп өтініш білдірді Дариға.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
12 мамыр 2025
12 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар