Қытай астанасын құйын соқты

Қытай астанасы Бейжіңде сәрсенбі күні шаңды дауыл соғып, ауа райы қауіпсіздігінің «сары» деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. Бейжіңде таңертеңнен шаңнан ештеңе көрінбей, қаладағы ғимараттар тұман арасында қалған. Ауа ластану деңгейі қаладағы көптеген аудардарда және қала маңында «ауыр» деп бағалануда. РМ2.5 ұсақ бөлшектерінің концентрациясы 500 мкг/текшеден асты, бұл ҚХР-да белгіленген нормадан бірнеше есе көп. Метеорологтар болжамынша, түнде жағдай жақсарып, көрсеткіш біртіндеп төмендейді. Ауаның «халық денсаулығы үшін қауіпті» деңгейде ластануына байланысты Бейжіңнің Төтенше жағдай басқармасы тұрғындарға ашық ауада спорттық іс-шаралардан бас тартуды ұсынды. Балаларға, қарт адамдарға, сондай-ақ өкпе және жүрек-қан тамыры аурулары бар тұрғындарға далаға шықпауға және қолайсыз ауа райы аяқталғанша үйде болуға кеңес берілді. Айта кетейік, 21 наурыздан бастап құм мен шаңның ауқымды фронты Ганьсу провинциясына, Нинся-хуй автономиялық аймағына және ҚХР Ішкі Моңғолиясының орталық бөлігінде болды. Қазір құмды дауыл Қытайдың солтүстігіне, соның ішінде Бейжіңге келіп, елдің шығыс теңіз провинцияларына қарай ығысты.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
11 мамыр 2025
11 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар