Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарда ең әдемі тақиялар фестивалі өтті

baq.kz

 Павлодарда ең әдемі тақиялар фестивалі өтті

Облыс орталығындағы 40 мектептің оқушылары Наурызға бір апта қалғанда шеберлік сабақтары аясында тақия тігуді үйренді. Қолөнер шеберлері ұлттық бас киімнің жасалу әдістерін көрсетті. «Трендті тақия тігеміз» акциясын ұйымдастыруға облыстық оқушылар сарайының мамандары мұрындық болды. Тақия кию қазақ қыздары арасында трендке айналып келеді. Соңғы кезде көшеде қазіргі заманға лайықтап, минимализм стилімен тігілген тақия киіп жүрген қыз-келіншектерді жиі кездестіруге болады. Еліміздің ертеңі жас буынның қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертең - ана болады. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз, - дейді ұйымдастырушылар. Ең әдемі тақиялар бүгін Әз Наурызға орайластырылған гранд-дефиле барысында паш етілді. Тақия тігу үшін бір түсті матаны таңдадым. Оны ою және моншақтар, бисерлермен безендірдім. Төбесіне үкі тақтым. Үкіні әдетте қыздар тағып жүреді. Тақия фестиваліне қатысқаным үшін қуаныштымын. Үздік болмасам да, мен үшін бұл үлкен тәжірибе, - дейді фестиваль қатысушысы Амира Даниял. Бүгін Наурыз мерекесі облыс орталығының 23 жерінде тойланды. Әр ауылдың өз атауы бар. Бас-аяғы 40-қа жуық киіз үй тігілді. Орталық жағалаудағы «Наурыз» ауылына жиналған халықтың қарасы қалың. Бұл жерде жұртшылыққа Наурыз көже, қымыз, бауырсақ, палау таратылды. Жағалаудың төмінгі бөлігінде концерт пен көрме ұйымдастырылса, жоғары бөлігінде ұлттық ойындар жарысы өтті.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024