Шымкентте «ДәмДәсTour» фестивалі өтіп жатыр

Фествальді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов ашып, қала тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады. — ДәмДәсTour» фестивалінің Наурыз мерекесінде ұйымдастырылуының өз мән-мағынасы бар. Бұл береке мен бірліктің, татулықтың, молшылық пен кеңдіктің үлгісі болатынына сенімдіміз, – деді Қуаныш Жұмабекұлы. Мұнда қаламыздың танымал 50-ге жуық тамақтану орындары — мейрамхана, кофейня, самсаханалар, фаст-фуд, балмұздақ, шайханалар қатысып, өздерінің авторлық мәзірлерін ұсынуда. Жәрмеңкенің басты мақсаты – Шымкент қаласын еліміздің гастрономиялық орталығы ретінде имиджін қалыптастыру. — » ДәмДәсTour II» фестивалін – үшінші мегаполистің жыл сайынғы ДӘМДІ мерекесіне айналдыру ойымызда бар. Бұл қаламыздың туризмін дамытуға оң септігін тигізеді және бұл қала кәсіпкерлерін қолдау, – дейді «Visit Shymkent»туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Омаров. Айта кетейік, іс-шара екі күн өтеді. Екі күн бойы «Наурызкөже«,«Кәуап»,«Палау» және «Самса» номинациялары бойынша 50-ге жуық тамақтану орындары арасынан үздіктердің ішінен нағыз үздіктер анықталатын болады. Жеңімпаздар арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ, келген қонақтарға қаламызда дәстүрге айналған «Шымкент шәйі» таратылады. Жәрмеңке аясында концерттік бағдарламалар, ойын-сауық және түрлі конкурстар ойнатылып, жеңімпаздарға сертификаттар ұсынылады.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
11 мамыр 2025
11 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар