Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ Конгресінде TikTok-қа тыйым салу бойынша тыңдау өтіп жатыр

azattyq.org

АҚШ Конгресінде TikTok-қа тыйым салу бойынша тыңдау өтіп жатыр

АҚШ Конгресінде TikTok-тың бас директорының қатысуымен тыңдау өтіп жатыр. Ол өкілдер палатасына бұл әлеуметтік желінің америкалықтар үшін қауіпсіз екенін дәлелдеуге тырысып жатыр.АҚШ-та TikTok қосымшасын 150 миллион адам қолданады. Конгресс Қытай билігінде желіге тіркелген америкалықтардың жеке мәліметі сақтаулы ма, осыны білгісі келеді. Егер анықталса, АҚШ аумағында бұл видеоплатформаға тыйым салынады.Конгресте сөз сөйлеген TikTok-тың бас директоры Шоу Цзы Чу жеке мәліметтің жарияланып кетуі мүмкін емес екенін, "үшінші мемлекет" компанияға мониторинг жүргізе алатынын жеткізді.2023 жылдың наурыз айының соңында америкалық шенеуніктерге TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салу жөнінде заң күшіне енеді. Дәл осындай тыйымды алдын Ұлыбритания шенеуніктеріне және Еуропарламент депутаттарына енгізген.АҚШ-та ФБР мен әділет министрлігі TikTok тіркемесі тиесілі ByteDance компаниясын тексеріп жатыр. Осыған дейін ByteDance компаниясы тәуелсіз журналистерді бақылауға алу үшін жеке мәліметті қолданған. Бұл оқиға жария болып кеткеннен кейін, ByteDance бірқатар қызметкерлерін жұмыстан шығарды. АҚШ бұл компания Қытай билігімен ымыралас деп күдіктенеді.Пекин болса, АҚШ-ты TikTok-ты Америка нарығынан шығарғысы келеді деп айыптайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024