Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Зергерлік бұйымдарға сұраныс жоғары

almaty-akshamy.kz

Зергерлік бұйымдарға  сұраныс жоғары

Зергерлердің дәстүрін сақтай отырып, жастар жаңа стиль туғызды. Саусағына ою-өрнекті жүзік, шашына сылдырлаған шолпы таққан қыздарды көшеде жиі кездестіруге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақтың зергерлік бұйымдарына қызғушылар қатары қалың. Астаналық жас зергер Наргиз Құрманғазина баба мұрасын заманға сай жаңғыртып жүр. Оның күмістен құйған әшекейлері көпшілікке танымал. Наргиз Құрманғазина зергерлік бұйымдарды эксклюзивті етіп жасайды. Яғни, әр бұйымның дизайнын өзі ойлап табады. Ою-өрнекті заманауи стильмен үйлестіре біледі. Әсіресе, қошқар мүйізді оюды көп қолданады. Ал шолпы мен шашбауға тарихи таңбалар мен інжу тастар қосады.

«Мен өнер және дизайнмен көптен бері айналысамын. Зергерлік бұйымдарды жасауда қиялыма ерік беремін. Мысалы, бұл сақинаға күміс пен мысты араластырып жасадым. Пішінін де өзім ойлап шығардым», - дейді жас зергер Наргиз Құрманғазина.

Зергер қыз ерекше туындыларды жасап қана қоймай, ісін брендке айналдырды. Қазірде жас зергердің жұмысы үлкен сұранысқа ие. Өнерлі жастың тұрақты тұтынушылары әшекейлердің күнделікті киімге ерекше стиль беретінін айтады.

«Бұл зергерлік бұйымдарды спорттық киіммен де, классикалық үлгідегі киіммен де тағуға болады. Тіпті кез келген шаш үлгісіне үйлеседі. Әрі оның жасаған әшекейлері басқа зергерлердің жұмысынан өзгеше», - дейді қала тұрғыны Айым Әбілдина.

Бір қызығы, қазір жастар арасында мұндай әшекей тағу сәнге айналған. Этностильдің ерекшелігіне тамсанбайтын жан жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 сәуір 2024