Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Францияда зейнетақы реформасына қарсы шеруге миллионнан астам адам қатысты

almaty-akshamy.kz

Францияда зейнетақы реформасына қарсы шеруге миллионнан астам адам қатысты

Елдің ІІМ мәліметтері бойынша, Парижде жүз мыңнан астам демонстрант көшеге шығып, полициямен қақтығыстар басталды. Бордода Муниципалитет ғимаратының есігі өртенді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сілтеме жасап. Ел бойынша тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген айыппен 80 адам қамауға алынды, оның 33-і Парижде. Бұл – Франция президенті Эммануэль Макрон өте қажет деп санайтын реформаға қарсы демонстрациялардың тоғызыншы күні. Қаңтарда қарауға ұсынылып, өткен аптада парламенттің дауысынсыз мақұлданғанған заң елдегі жағдайдың шиеленісуіне әкелді. Үкімет шешімінің күші сенімсіздік вотумы арқылы ғана жойылады. Бірақ, дүйсенбіде ел үкіметі парламентте жарияланған сенімсіздік вотумын жеті дауыспен еңсерді. Францияның бас кәсіподағы «Жалпыға ортақ еңбек конфедерациясы» (CGT) мәліметтері бойынша, бейсенбіде Париж көшелерінде 800 мыңға жуық адам жиналды. Алайда полиция мәліметінше, наразылық акциясын 119 мың адам шықты.Париждің кейбір аудандарында тәртіпсіздіктер жасалды. Шерушілердің шағын топтары полицияға тас лақтырып, отшашу жақты, тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданды.Бастилия алаңынан Париж операсының ғимаратына дейінгі шеру бағытындағы дүкендер, мейрамханалар және басқа да мекемелер сақтық мақсатында алдын ала қоршалды. Жол бойында полиция қызметкерлері көп болды. Барлығы бес мыңға жуық тәртіп сақшысы жұмылдырылды.Мұндай шерулер Францияның басқа қалаларында да өтті. Елдің батысындағы Нант қаласында да наразылық білдірушілер полиция қызметкерлеріне қатты заттар лақтырып, қоқыс жәшіктерін өртеуге кіріскенде полиция көзден жас ағызатын газ шашты. Ренде су шашатын құрылғылар пайдаланылды. Ниццада шерушілер әуежай ғимараты маңында блокада жасады. Бордода қалалық әкімдіктің есіктері өртенгені хабарланды. Оларды кім және қалай өртегені әлі белгісіз. Өрт жылдам сөндірілді. Кәсіподақтар наразылық акциялары сәтті өтіп жатыр деп есептейді, өйткені ел тұрғындары президент Макрон мен үкіметке өз ойларын білдіре алды. Олар халықты 28 наурызда қайтадан көшеге шығуға шақырды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024