Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркияда жер сілкінді

baq.kz

 Түркияда жер сілкінді

Магнитудасы 4,7 баллға жеткен зілзала елдің оңтүстік-шығысындағы Гёксун ауданында орын алған.

Табиғи апаттарды жою басқармасы (AFAD) таратқанг ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің ошағы 7,43 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бұған дейін, 23 наурызда Кахраманмарашта қуаты 5,3 балл жер сілкінісі болғаны айтылды. Кеше таңертең Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 4,3-ті құраған зілзала болды.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмарашта екі жойқын жер сілкінісі орын алды. Жерасты дүмпулері жүздеген афтершокқа жалғасып, елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көрші мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда қатты сезілді.

Жер сілкінісінен келген материалдық шығын көлемі екі трлн түрік лирасын (105 млрд доллардан артық) құрады.

Ал соңғы деректерге сәйкес, зілзаладан 50 096 адам қаза тапты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024