Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырауда 1,5 гектар қамыс өртеніп, тұрғын үйді шарпыды

baq.kz

 Атырауда 1,5 гектар қамыс өртеніп, тұрғын үйді шарпыды

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, қамыс өрті кеше, 23 наурызда болған.

Атырау қаласындағы Шәкіров көшесі тұсында Перетаска каналының жағалауы өртенді. Бұл туралы жергілікті уақытпен сағат 12:51-де шақырту түсті. Канал бойындағы қамыс өрті сол маңдағы саяжай учаскелерін шарпыды. Өрттің салдарынан 1 жазғы тұрғын үй мен ауласындағы шаруашылық сарай, тауық қора, жылыжай бөліктері бүлінді. Канал жағалауында жалын шарпыған қамыстың аумағы – 1,5 гектар, – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қамыс өрті сағат 15:04-те оқшауланып, сағат 15:37-де толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Алдын ала болжамға сәйкес саяжай учаскесінде қоқысты жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. Соның салдарынан өрт тұтанған, – деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Жалынды сөндіруге 53 қызметкер мен 12 техника жұмылдырылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 сәуір 2024