Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Болмаған балалық шақ» баршаға ой салды

almaty-akshamy.kz

«Болмаған балалық шақ» баршаға ой салды

«Болмаған балалық шақ». Тағдыр тауқыметін кешкен бала жүректің балғын арманы осындай атаумен театр сахнасында көппен қауышты, -деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Әуелбаста бір шығармаға арқау болған бозбала ғұмыр енді қойылым болып көпке жол тартты. Ауыр жолда арман қуып, жалғыздығымен арпалысқан бала көңілдің ішкі арпалысы суреттеледі. Әкеден айрылып, анадан тірідей жетімдік көрген Ақош – басты кейіпкер. Ал басты кейіпкер – басқа қойылымдағыдай көркем қиялдың туындысы емес, өмірде бар, қоғамда орны айқын ақынның өзі.

«Мен режиссерге еркіндік бердім, өзім араласқан жоқпын. Әр режиссердің көзқарасы бар. Мен өзім де толқып тұрмын. Шынын айтқандай, мұндай бестселлер болады деп ойлаған жоқпын», – деді ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек.

«Болмаған балалық шақ» кітап ретінде көпке жол тартып, қазақы бестселлерге айналған еді. Жалпы оқырман қауым үздік деп бағалаған туындыны сахналау 3 жыл бұрын жоспарланған.

«Актерлерге 3 ай бұрын рөл берілді. Содан кейін 1 ай репетиция жүрді. Басты рөлде ойнайтын актерге 6 ай бұрын айтылған», – дед қоюшы режиссер Фархад Молдағали.

Жанарға жас келтіріп, жүректі қозғай тұра, жақсы күндерден күдер үзбеуге үйреткен қойылымының премьерасына келген көрерменнің қарасы қалың. Бір адам тағдыры арқылы қоғамның бейнесін ашқан қойылымның басты жетістігі – оның шынайылығы.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024