Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үй жануарларын ұстаудың жаңа ережесі бекітіледі

almaty-akshamy.kz

Үй жануарларын ұстаудың жаңа ережесі бекітіледі

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Жаңа редакцияға сәйкес, бұрын болмаған мына ережелер енгізіледі: - Вакциналанбаған және зарарсыздандырылмаған жануарды ұстауға жол берілмейді; - Кіреберістерді, баспалдақ торларын, лифтілерді, сондай-ақ ойын алаңдарын, жолдарды, тротуарларды үй жануарларының нәжісімен ластауға тыйым салынады. Үй жануарларының иесі нәжісті дереу тазалауға міндетті; - Әкімшіліктің келісімі бойынша қонақ үйге итпен немесе мысықпен қоныстануға рұқсат етіледі; - Үй жануарларын ұзақ уақыт қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Ол жануардың түрі мен тамақтану, серуендеу және қарым-қатынас қажеттіліктеріне байланысты анықталады; - Бақылаусыз қалған ересек иттер үшін шекті мерзім 12 сағаттан, мысықтар үшін 48 сағаттан аспауы тиіс; - Бақылаусыз қалған марғаулар мен күшіктер үшін уақыт олардың жасына және тамақтандыру мен күтімнің физиологиялық қажеттіліктеріне, сондай-ақ емізетін мысықтар мен иттердің болуына байланысты анықталады; - Қарау мүмкін болмаған жағдайда жануардың иесі немесе жауапты тұлға оны уақытша ұстауға үшінші тұлғаларға береді, зоологиялық қонақ үйге орналастырады; - Ит иесі үй жануарларына бос жүру дағдыларын үйретеді, агрессияның көріністерін бақылайды, итті негізгі командаларға үйретеді; - Адамдарды немесе жануарларды тістесе және агрессия адамның немесе жануардың іс-әрекетінен туындаған болса, ветеринариялық емдеу ұйымының немесе осы аумаққа қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігердің рұқсаты бойынша иесі жануарды күнтізбелік 10 күн ішінде оқшауланған үй-жайда ұстау туралы жазбаша нұқаулық береді; - Азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға тиесілі иттер ветеринарлық клиникаларда немесе ветеринарлық мекемелерде тұқымына қарамастан 3 айдан бастап құтыру мен басқа ауруларға қарсы міндетті тіркеуге, өңдеуге және вакцинациялауға жатады. Жаңадан сатып алынған жануарлар жануардың жеке тіркеу нөмірін ала отырып, 2 апта мерзімде тіркелуге тиіс; - Тасымалдау ережелерін сақтай отырып, жануарларды жер үсті көлігінің барлық түрлерімен тасымалдауға рұқсат етіледі; - Иттер мен мысықтарды азық-түлікке тұтыну, осы жануарлардан сою немесе мертігу немесе денсаулыққа өзге де зиян келтіру жолымен өнімдер мен шикізат алу үшін өсіруге, күтіп-бағуға, пайдалануға, сондай-ақ осындай өнімді өткізуге тыйым салынады; - Жануардың иесі оны биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, жануарға қамқорлықпен қарауға, оны тамақсыз және сусыз қалдырмауға, жануарға қатыгездікке жол бермеуге және ауырған жағдайда уақытында ветеринариялық көмекке жүгінуге міндетті; - Иттер мен мысықтарды бақылаусыз асырауға жол берілмейді. Иттің, мысықтың иесі кинологиялық және фелинологиялық ұйымдарда тиісті тіркеуі бар немесе жануардың денсаулығына қарсы көрсетілімдері бар адамдардан басқа, оларды кастрациялау/зарарсыздандыру арқылы үй иттері мен мысықтарында қажетсіз ұрпақтардың пайда болуын болдырмау үшін шаралар қабылдауға міндетті; - Иттің сатып алынғаны, жоғалғаны немесе өлгені туралы иесі тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған ұйымдарға, ветеринариялық мекемелерге үш тәулік ішінде хабарлайды; - Жануардың өлексесі ҚР ветеринариялық нормаларына сәйкес кремациялау, кәдеге жарату немесе көму үшін 1 тәулік ішінде ветеринариялық мекемеге тапсырылады; - Жануардың өлексесін лақтыруға тыйым салынады. Аталған ережелер қамтылған бұйрық 6 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024