Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Президент гроссмейстер Динара Сәдуақасованы қабылдады

almaty-akshamy.kz

Президент гроссмейстер Динара Сәдуақасованы қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен шахматтан әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова елімізде шахматты дамыту жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысына Динара Сәдуақасова елімізде шахматтың танымалдылығын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар және келешектегі жоспары жөнінде баяндады. Оның айтуынша, балалар арасында шеберлік сағаттары мен квалификациялық турнирлер ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Президент Динара Сәдуақасованы былтыр жыл соңында Алматыда өткен әлем чемпионатында шахматтың рапид түрінен күміс медальға қол жеткізуімен тағы да құттықтап, шахматшыларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі шахматшыға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024