Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мәскеу блогер Илья Варламовты "шетел агенті" деп жариялады

azattyq.org

Мәскеу блогер Илья Варламовты шетел агенті деп жариялады

Ресей әділет министрлігі блогер Илья Варламов пен халықаралық "Агора" адам құқықтарын қорғаушылар тобының басшысы Павел Чиковты "шетел агенті" деп жариялады.Бұл тізімге ЛГБТ-қарым-қатынастар туралы "Парни Плюс/Парни+" сайты, "Воля" партиясының басшысы Светлана Лада-Русь (Пеунова), "Дождь" телеарнасының бұрынғы журналисі Богдан Бакалейко де енген.Әділет министрлігінің мәліметінше, Варламов пен Чиков "биліктің шешімдері мен жүргізіп отырған саясаты туралы жалған ақпарат таратқан". Министрлік Варламов "шетел қаржы көздерінің қолдауына ие" деп есептейді. Чиковті "шетел агенттері материалдарын таратуға қатысты" деп айыптаған."Шетел агенттері" туралы заңнама Ресейде 2012 жылы пайда болды. Әділет министрлігі осы заңның көмегімен шетелден қаражат алатын, саяси қызметпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдарды "шетел агенті" деп тануға мүмкіндік алды.Мұндай қызметпен айналысатынын анықтау тәртібі заңда анық жазылмаған, сол себепті билік адам құқықтарын қорғау, экология, денсаулық сақтау, мәдениет және ағарту салаларында жұмыс істейтін ұйымдарды негізсіз қудалай бастады. Кейін БАҚ пен жеке тұлғаларды "шетел агенті" деп тану мүмкіндігі пайда болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар