Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Димаш өнер көрсетті

almaty-akshamy.kz

Димаш өнер көрсетті

Наурыз мерекесіне орай, нарыққа OPPO-ның жаңа флагмасы – «OPPO Reno8 T Series» смартфонының таныстырылымы өтті. Аталмыш іс-шараны ОРРО компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Freedom Mobile ұйымдастырды. Іс-шараға «Ұлытау» аспапты этно-рок стиліндегі музыкалық топ пен әлемге танымал эстрада әншісі Димаш Құдайберген қатысты.

«Мен Швейцариядан Алматыда тойла­нып жатқан мерекеге арнайы келдім. Ма­ған қазақ жері қатты ұнайды. Қалада үш күн қатарынан концерттік іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Димаш Құ­дайбергеннің өнеріне ерекше тамсанамын. Оның Дубайда, Алматыда, Қытайда өткен барлық концертінен қалмай барамын. Ди­маштың «OPPO Reno8 T Series» смартфо­нының бас амбассадоры екенін естігенде, бұл кештен де шет қалмау керектігін ұғын­дым. Үстіме ұлттық стильдегі бешпет киіп, оюмен өрнектелген бұйымдарын та­ғып алдым. Бұл да қазақ халқына, Димаш­қа жасаған құрметім деп білемін. Өнерлі, талантты жастардың ордасына айналған қазақ жұртына қызыға да, қызғана да қа­раймын», – дейді швейцариялық көрермен.

Мерекелік кеште құрметті қонақтарға ар­налған ойындар ұйымдастырылды. Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары көкейде жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Кеш соңында қонақтардың кетпеуін өтінген Димаш барлығымен суретке түсті. Кеш қонақтарын көктемнің шуақты Наурыз мейрамы­мен Димаш Құдайбергеннің өзі құттықтады.

«Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар бол­мысымызды айшықтайтын қасиетті Нау­рыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр от­басына шат көңіл, бақыт және береке сый­ласын! Қайда жүрсек те ұлттық болмысы­мызды сақтауға, ұлықтауға барымызды салайық», – деді біздің Димаш.

Таныстырылымға келгендердің басым көпшілігі Димаштың жанкүйерлері.

«Мен Димаштың өнеріне тәнті болған­дардың бірімін. Оның жарнамалаған өнім­деріне сенім артамын. Сол үшін балама «OPPO Reno8 T Series» смартфонын сатып алдым. Ұйымдастырушылардың ұйымдас­тырған ойындарынан жеңімпаз атандық. Қуанышымда шек жоқ. Мен үшін Димаш­тың даусы жан-дүниеме ем болады. Оны тыңдаған сайын, өзімді бақытты сезі­немін», – деді Гүлмира Мұрат.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар