Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанның Экология министрі БҰҰ Бас хатшысымен кездесті

almaty-akshamy.kz

Қазақстанның Экология министрі БҰҰ Бас хатшысымен кездесті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова 24 наурызда БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, З.Сүлейменова БҰҰ Бас хатшысын Қазақстанның су ресурстарын орнықты басқару саласындағы жоспарлары туралы хабардар етті. Бас хатшы Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалап, ҚР-дың Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы белсенді ұстанымын атап өтті.

Айта кетейік, Зүлфия Сүлейменова БҰҰ-ның Су конференциясында қазақстандық делегацияны басқарып отырған болатын.

Сондай-ақ келіссөз барысында Қазақстанның Орталық Азия және Ауғанстан елдері үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік хабын құру бастамасы талқыланды. Идея бойынша штаб-пәтер Алматы қаласында орналастырылмақ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024