«Дубайға жолдама алып беремін»: ақтаулық алаяққа алданды

Ақтау қаласының тұрғыны Дубайға саяхат жасау үшін белгісіз тұлғадан жолдама алған. Келіп түскен ақпаратқа сүйенсек, 51 жастағы тұрғын наурыз айының бастапқы мерзімінде жолға шығу қажет болған. Алайда осы уақытқа дейін күдікті азаматша берген уәдесін орындамаған. Бұл бойынша жәбірленуші полицияға арызбен жүгінді. Оған келтірілген материалдық шығын 658 мың теңге. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 33 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Аталған дерек ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 03
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
-
- Маусым, 23
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
4 шілде 2025
4 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар