Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сноубордшылар мен шаңғышылар сынға түспек

baq.kz

 Сноубордшылар мен шаңғышылар сынға түспек

Жарысқа қатысуға 60-қа жуық адам өтінім берген. Одан бөлек, сайыстың көркін қыздыру мақсатында 16 спортшы шақыртылған. Оның 8-і шаңғышы, 8-і сноубордшы. Барлығы – спорт шеберлері, арасында Еуропадан келген майталмандар да бар.

Аталған шараны ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын тау-шаңғылық курортына шақырады. Онда шоу, түрлі ойын-сауық шаралар өтпек.

Сайыстың жүлде қоры – 5 миллион теңге. Елімізде алтыншы рет ұйымдастырылып жатқан Gorilla Winter Jungle-ге Қырғызстан мен Ресейден, Еуропа мен ТМД мемлекетінен келген кіл мықтылары қатысады.

Шымбұлақ жайлы көп еститінмін. Өз көзіммен көріп, керемет сезімге бөленіп тұрмын. Бұл бірінші рет келуім. Мұнда өтетін жарыс та жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатыр. Ережесі де ерекше екен. Мысалы, секіргенде бір әдісті қолдансаң, келесіде басқасын ойлап табу керек. Шеберлігіміз сынға түседі, – деді Gorilla Winter Jungle сайысына қатысушы Стипан Карпель (Польша).

Биылғы жарыстың тағы бір ерекшелігі бұл жолы Gorilla Pro team командасы арнайы шақырылған спортшылармен сайысатын болады. The Battle деп аталатын жаңа форматта шаңғышылар мен сноубордшылар бақ сынамақ. Айта кетсек, ауқымды іс-шара осы сенбіде Шымбұлақтың ең биік нүктесінде өтеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024