Солтүстік Еуропа елдері әскери-әуе күштерін біріктіреді

Швеция, Норвегия, Финляндия және Дания әскери-әуе күштерін біріктіруге ынта білдіріп, келісімге қол қойды. Солтүстік Еуропа елдері 250 жойғыш ұшақ, әуе шабуылынан қорғайтын және барлау жүйелерін бірге пайдаланады.Дания әскери әуе күштерінің қолбасшысы генерал-майор Ян Дам Reuters агенттігіне мұндай шешім Ресейдің Украинадағы соғысы тұсында қабылданғанын айтты. Солтүстік елдері Ресейден туындайтын қауіпке қарсы тұру үшін де ынтымақтастық орнатады."Біздің ортақ [әуе] флотымызды Еуропаның ірі елінің авиациясымен салыстыруға болады" деді Дам.Келісімге Германиядағы Рамштайн әскери базасында қол қойылды. Келісімге қол қою рәсіміне НАТО әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Джеймс Хекер де қатысты.Солтүстік Еуропа елдері өзара тығыз саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан. Алайда әскери-саяси қатынаста олардың мәртебесі әртүрлі. Дания 1949 жылдан бері НАТО-ға мүше.Финляндия мен Швеция бұған дейін бейтараптық ұстанып келген. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін екеуі де НАТО-ға мүшелікке өтініш берді. Норвегия да НАТО-ға мүше, бірақ ол Еуроодақ құрамында емес.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
6 маусым 2023