Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жауынгерлік корабльдер Каспий теңізінің акваториясында теңіз және әуе нысандарын жойды

baq.kz

 Жауынгерлік корабльдер Каспий теңізінің акваториясында теңіз және әуе нысандарын жойды

Бірінші кезеңде бөлімдер мен бөлімшелер арнайы техника мен корабльдерді ұрысқа қолданатын аймақтарға шығарып, жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді.

Екінші кезеңде жаттығудың мақсаты анықталып, командалық құраммен жауынгерлік іс-қимылды орындау туралы шешім қабылданды. Үшінші кезеңде корабльдер белгіленген аудандарға шығып, теңізшілер қарсыластың әуе шабуылы құралдарын тойтару мәселелерін пысықтады. Олар қарсыластың түрлі нысандарына іс жүзінде атыс жүргізе отырып, корабльге қарсы және минаға қарсы қорғанысты ұйымдастырды. Маневрлер барысында майдан авиациясының жауынгерлері тартылып, оларды корабль пунктінен басқару жүзеге асырылды.

Жаттығуда қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың ерекшеліктері де ескерілді. Экипаждардың жеке құрамы сауатты және үйлесімді әрекет етті. Қойылған міндеттер толық деңгейде орындалды, – деп түйіндеді 3-дәрежелі капитан Бауыржан Баймұханов.

Жаттығуға Әскери-теңіз күштерінің зымыран-артиллериялық корабльдер, Әскери-әуе күштерінің Су-27 ұшақтары және Ми-8 көлік-жауынгерлік тікұшақтары қатысты. Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басшылығымен жауынгерлік дайындық жоспары бойынша мұндай жаттығулар жылына бірнеше рет өткізіледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024