Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясы өтті

baq.kz

 «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясы өтті

Ведомство мәліметінше, іс-шараға 135 мыңнан астам адам қатысқан. Оның ішінде, 12 мыңнан жоғары еріктілер, 47 мыңнан жоғары мемлекеттік органдардың өкілдері, 65 мыңнан жоғары мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер мен тұрғындар. Климаттық жағдайға байланысты іс-шара Қазақстанның алты өңірінде, оның ішінде Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында өтті. Қатысушылар рекреациялық аймақтарды ретке келтіріп, аула маңындағы нысандарды, көшелер мен саябақтарды тазартты. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, гүлдер мен ағаштар отырғызылды. Акция шеңберінде барлығы 2,5 мың тоннадан жоғары қалдықтар жиналды. Жинақталған қоқыстардың сұрыпталып, 337 тонна әйнек, 97 тонна пластик, 67 тонна резіңке, 49 тонна қағаз бен 130 тонна металл қайта өңдеуге берілді. Акция Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2019 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024