Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Қазақстандық спортшы үшінші айналымда әлемнің бұрынғы 2-ракеткасы, қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 29-орында тұрған испаниялық Паула Бадосамен шеберлік байқасты. Е.Рыбакина өзі жеңімпаз атанған Индиан-Уэллс мастерс жарысында П.Бадосаны 6:3, 7:5 есебімен ұтқан еді. Бұл жолы бірінші партияда қарсыластар бастапқыда қос-қостан брейкпен алмасқан еді. Есеп 3:3 болған мезетте Бадоса тағы бір брейк жасап, алға шықты. Сосын сетті тағы бір брейкпен бітірді – 6:3. Екінші сетте П.Бадоса брейкпен алға кетті – 4:2. Дегенмен Елена таразы басын теңестіре алды – 4:4. Есеп 5:4 болып, Рыбакина доп бергенде, испаниялық теннисші матчболын пайдалана алмады. Бұдан кейін Елена қатарынан үш геймді өз пайдасына жазды – 7:5. Үшінші, шешуші партияда есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай алды. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3. Екі сағат жарымнан астам уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Е.Рыбакина 12 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 4 эйс, 5 брейкпен (15 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, Елена қатарынан оныншы жеңісіне қол жеткізді. Е.Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының ширек финалына шығу үшін әлемнің 39-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенс немесе рейтингте 41-сатыдағы хорватиялық Петра Мартичтің біреуімен таласады. Өткен жылы осы жарыста Е.Рыбакина үшінші айналымға дейін жеткен еді.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар