Астанада 23 тұрғын үй кешені электр жарығынан ажыратылды

Астанада өрт салдарынан 23 тұрғын үй кешені электрмен жабдықтаудан ажыратылды, - деп хабарлады "Астана-АЭК"АҚ. 26 наурызда сағат 08.20-да "Заречная" 110/10 кВ қосалқы станциясында 10 кВ секциялық ажыратқыш ұяшығының өртенуі орын алды. Сағат 09.40-та өрт оқшауланды. Технологиялық бұзушылықтың себептері анықталуда, - делінген хабарламада. Жарықтан ажыратылған үйлер Байтұрсынов, Момышұлы, Керей Жәнібек Хандар, Бөкейхан, Түркістан, Мәңгілік Ел көшелеріндегі, сондай-ақ Тельман кентінің бірнеше көшелерінде орналасқан. Тұтынушыларды электрмен жабдықтау жанып кеткен қосалқы станциядағы жабдықты толық тексергеннен кейін қалпына келтіруге уәде етіледі.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар