Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Иранда жер сілкінді

almaty-akshamy.kz

Иранда жер сілкінді

Жерасты дүмпулері Иранның Фарс және Илам провинцияларында тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ИРИ ұлттық сейсмикалық орталығының мәліметінше, 4,2 магнитудалы жер сілкінісі жергілікті уақытпен 21:43-те Хешт қаласында тіркелген. Ошағы 10 шақырым тереңдікте болды.

Тағы бір жер сілкінісі жергілікті уақытпен 22:43-те Илам провинциясының Мурмури қаласында тіркелген. ИРНА агенттігінің мәліметінше, 4,7 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы 18 шақырым тереңдікте болған.

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Жерасты дүмпуі Бушер, Лурестан және Хузестан провинцияларында сезілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024