Қазақстандық әскери қызметші супер гран-приді жеңіп алды

Бұл байқау туысқан халықтардың мәдени дамуына, елдер арасындағы достық байланыстарды нығайтуға, талантты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның хореография, вокал және музыкалық театр саласындағы ұжымдары мен солистері қатысты. Бірінші кезеңде Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының эстрадалық-би тобының бишісі қатардағы жауынгер Рахматжан Иолдашев ұйғыр халқының "Тавак уссули" биін орындады. Бұл жеке қойылымы үшін ол арнайы дипломмен және супер гран-при кубогымен марапатталды. Өткен жылдың желтоқсан айында Ташкентте мәдениет және әскери-патриоттық тәрбие саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар