Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Грузияның Батуми қаласында Наурыз тойланды

baq.kz

 Грузияның Батуми қаласында Наурыз тойланды

Сонымен қатар, қазақ мәдениеті осы күндері Батумиде жүрген түрлі елдердің туристеріне паш етілде.

Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин өзінің құттықтау сөзінде Наурыздың бейбітшілік пен мейірімділікті бейнелейтінін, қуаныш пен сүйіспеншілікке толы, терең философиялық мәні мен жалпыәлемдік мәдени маңызы бар, бірлік пен келісім мерекесі, сондай-ақ достық пен өзара сыйластықты нығайтуға ықпал ететін шын мәнінде жалпыхалықтық мейрам екенін атап өтті.

Аджария Жоғарғы кеңесінің Вице-спикері Тите Арошидзе де құттықтау сөз сөйлеп, халықтарымыз арасында тығыз достық қарым-қатынас орнатуда халықаралық Наурыз мерекесінің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Аджария астанасында Наурыз мерекесін өткізгені үшін Қазақстан Елшілігіне алғысын білдіріп, аталған іс-шара Қазақстан мен Грузия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа тағы бір жаңа үлес болатынына сенім білдірді.

Іс-шара аясында қазақ мәдени мұрасының әсемдігі мен байлығын көрсететін бата беру мен шашу қазақтың салт-дәстүрлері көрсетілді. Қонақтар асық ату, арқан тарту және басқа да ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысты.

Мәдени бағдарлама барысында Маңғыстау облысынан арнайы келген «Ақ Шағыл» этно-фольклорлық тобы мен «Жорға» би ансамблі өз өнерлерін көрсетті. Қазақ шығармаларының көне ұлттық музыкалық аспаптарда виртуоздық орындалуы және дәстүрлерімізді көрсететін халық билері көрермендердің қошеметіне бөленді.

Мереке қонақтары, Батуми тұрғындары мен туристері арнайы тігілген қазақ киіз үйінде орналасқан А. Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының зергерлік бұйымдарымен, ұлттық киімдерімен қуана танысты.

Дәстүрлі қазақ тағамдарының бай мәзірі және көктемнің басты тағамы – Наурыз көжемен мерекелік дастархан жайылды. Наурызды мерекелеудің шарықтау шегі тұсаукесер дәстүрлі рәсімін өткізу болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024