Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Вегетациялық кезеңге барынша дайын болуымыз керек, – облыс әкімі

zhambylnews.kz

Вегетациялық кезеңге барынша дайын болуымыз керек, – облыс әкімі

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен жиында вегетациялық кезеңге дайындық, ағын су жүйелерін жөндеу мәселелері сараланды. Басқосуда «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры Ерлан Өтегенов, Жамбыл су қоймаларының басшысы Нарбай Ергебеков, Шу-Талас бассейіндік инспекциясының басшысы Гүлмира Имашева баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Бүгінгі күнге Жамбыл облысындағы республикалық меншіктегі су қоймаларға жиналған судың орташа көлемі 80 пайызды құрайды. Барлық су қоймалары транзит режимінен су жинау режиміне қойылуда. «Қазсушар» Жамбыл филиалымен ағымдағы жылдың вегетация кезенінде 107,5 мың гектарды суғару жоспарлануда. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 92,8 мың гектарды құраған. Сондай-ақ, «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекеменің теңгерімінде 113 су қойма мен бөгеттер тіркелген десек, жалпы жобалық сыйымдылығы 136,617 млн. текше метрді құрайды. Бүгінге дейін 72.177 млн. текше метр су жинақталған. Вегетациалық кезеңге дейін шамамен 116-118 млн. текше метр су жиналады деп күтілуде. — Ағымдағы жылы 10 су қоймасын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда мердігерлер анықталып, жүргізілетін жұмыстар бойынша іс-шара жоспары әзірленуде. Жұмыстар рет-ретімен басталуда. Сонымен қатар, 5 су қойма бойынша жобалық сметалық құжаттамалары дайындалуда. Ал, Қордай ауданында «Қызылсай» су қоймасын салу үшін ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде,-деді Нарбай Ергебеков. Ал, ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтіру жол картасы аясында өңірде орналасқан 257 су шаруашылығы нысанына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Коммуналдық меншіктегі 232 нысанның 8-іне жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. 43 нысанның жобалық — сметалық құжаттамасы сараптаманың қорытындысымен әзірленген десек, қалған 181 су нысанына аудан әкімдіктері қаражат қарастырып, жобалық — сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптаманың қорытындысымен әзірлеуі қажет. Бүгінде оның 100-іне қаражат қойылған. Облыс әкімі вегетациялық кезеңге барынша дайын болу керектігін ескертіп, суармалы жерлерге тиісті дақылдарды отырғызуда шаруалармен бірлесіп жұмыс істеу керектігін еске салды. Сондай-ақ, каналдардың құжаттама жұмыстарын жылдамдату, жөндеу жұмыстарын бақылауда ұстау керектігін баса айтты. Басқосуда «Ауыл аманаты» жобасының орындалу барысы да қаралды. Аймақ басшысы жобаған енген ауылдық округтердегі әлеуметтік мәселелерді де кешенді түрде шешу маңыздылығын тағы да атап өтті. Ол ауылдардағы жеке қосалқы шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру, қоғамдық өрістерге асыл тұқымды бұқаларды қосу бойынша да тапсырмалардың орындалуын нақтылады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024