Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Петропавлда тұрғын үйлерге су кіре бастады

baq.kz

 Петропавлда тұрғын үйлерге су кіре бастады

Үш білім ошағында эвакуциялық бекет әзір. Үйлерді су басу үдесе, тұрғындар бірден көшілірмек. Қауіпті аймақтарда тұрып жатқан адамдар мен жануарлар арнайы тізімге алынған. Тасқын кезінде жан-жануарлар сол тізімдер бойынша түгенделеді. Күн күрт жылынып, әбігерге салып жатқаны рас. Наурыз айының ортасынан бері коммуналдық қызметтер тынымсыз жұмыс істеуде. Қажетті жанар-жағармай мен инерттік материалдар қоры бар. Жағдай бақылауда. Кеше ғана 22 мың текше метр су сорылып, сыртқа шығарылды. Бүгін де бұл шаралар жалғасуда, - дейді шаһар әкімінің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова. Мамандар мәліметінше биыл қыс мезгілінде жауын-шашын көлемі жылдағы мөлшерге сай болды. Ал жердің беті жарты метрге дейін қатып қалған. Сондықтан еріген қар жерге сіңбейді. Синоптиктер алдағы күндері ауа температурасы тағы көтерілетінін айтып отыр. Мамандар болжамынша өңірде 1500-ден астам тұрғыны бар 42 елді мекенді су басуы мүмкін.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024