Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҰҚК қызметкерлері 100 келіден аса героин тәркіледі

baq.kz

 ҰҚК қызметкерлері 100 келіден аса героин тәркіледі

ҰҚК жедел қызметкерлері жедел зерделеу барысында есірткі трафиктерін қалыптастыратын елдерде Қазақстан арқылы өзге шет елдерге шығаруға арналған апиын тектес есірткілердің ірі партиясы жинақталғаны жайында ақпаратқа қол жеткізді.

ҰҚК мәліметінше, кезең-кезеңімен есірткіні тасымалдаудың жолдары мен айламен әкелу схемалары анықталды.

Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткіні өткізуді ұйымдастырушының өзі болып табылатын шетелдік азаматтың Қазақстанға келетіні туралы нақты мәлімет алынды.

Жедел қызметкерлердің және «А» Арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматы қаласында 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды, - делінген хабарламада.

Материал Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу амалдары жүргізілуде.

Халықаралық есірткі трафигі арналарының жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда.

Видео: ҰҚК

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024