Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тілешов Тіл саясаты комитетінің төрағасы болды

almaty-akshamy.kz

Тілешов Тіл саясаты комитетінің төрағасы болды

Ербол Тілешов Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Ербол Ердембекұлы Тілешов Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ербол Тілешов 1965 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді педагогикалық университетін бітірген.

1992-2001 жылдары С. Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеген.

2001-2002 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті қызметін атқарған.

2002-2004 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті Гуманитарлық институты директоры орынбасарының міндетін атқарушы, директорының орынбасары болды.

2004-2007 жылдары «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» РМҚК директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеген.

2007 жылдан 2012 жылға дейін жеке коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен.

2012-2015 жылдары – Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы бастығының міндетін атқарушы, басшысы.

2015-2022 жылдары – «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы, директоры, атқарушы директоры.

2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ бас директоры қызметін атқарды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024