Қайрат Нұртастың жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

Әлеуметтік желіні шолып отыратын тәртіп сақшылары аталған деректі растап, осы заңбұзушылыққа қатысты түсініктеме беріп өтті. Айтуларынша, 45 жастағы көлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 601-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Mercedes-Benz жүргізушісі Талдықорған қаласында ҚР Жол ережелерін бұзуға жол бергенін хабарлаймыз (Қозғалысқа тыйым салынады). Іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы автокөлік жүргізушісі Алматы қаласының аумағында ұсталып, ҚР ӘҚБтК 601-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Жол белгілерімен көрсетілген талаптарды сақтамау). Жетісу полициясы азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымын көрсеткені, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілігі және құқықтық тәртіп органдарына жәрдемдескені үшін алғыс білдіреді, - делінген Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
14 мамыр 2025
14 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар