Астаналық полицейлер оқушыларға жолдағы қауіпсіздікті үйретуде

Елорда аумағында ағымдағы жылдың 27 наурызы мен 10 сәуірі аралығында "Жолдағы балалардың қауіпсіздігі" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты - балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу және кәмелетке толмағандарға жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін бекіту. Жолдардағы жағдайды тұрақтандыру үшін кәмелетке толмағандардың жол қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы хабардар болуын арттыруға көп көңіл бөлінеді. Балалардың жол-көлік оқиғасына түсіп, жарақаттануының негізгі себебі кәмелетке толмағандардың жол жүру ережелерін елемеуі, атап айтқанда, белгіленбеген жерлерде жолдан өтуі, қырағылық пен зейін деңгейін төмендететін құлаққаптарды, сымсыз гарнитураларды пайдалануы болып қала береді. Балалар ересектердің мінез-құлқын қайталауға бейім екенін есте ұстаған жөн, сондықтан жол ережелерін елемеумен олар балаларына ғана емес, жол қозғалысының қалған мүшелеріне де қауіпті үлгі көрсетеді. Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолда абай болуға шақырады. Жүргізушілерге балаларды тасымалдау кезінде балалар креслолары мен ұстау құрылғыларын міндетті түрде пайдалану туралы еске салады, - делінген Астана қаласы ПД хабарламасында.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
14 мамыр 2025
14 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар