Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әли Бектаев: Халықтың сенімі – біз үшін ең биік құндылық

baq.kz

 Әли Бектаев: Халықтың сенімі – біз үшін ең биік құндылық

Партия қызметінің ең үлкен көрсеткіші – парламент сайлауына қатысу арқылы өзімізді саяси күш ретінде таныта білдік. Алған бағытымыздан таймай, азаматтарымызбен тығыз ынтымақтастықта жұмысымызды жалғастыра бердік. Мол тәжірибе жинақтадық. Нәтижесінде, ұйым нығайып, оның өңірлік 20 филиалдан, 1200 -ден астам бастауыш партия ұйымдарынан тұратын бүгінгі қуатты иерархиялық құрылымы қалыптасты. Екі Президент сайлауына қатыстық. 2021 жылғы парламент сайлауында 237 партияластарымыз мәслихат депутаттары атанса, 35 партия мүшелері ауыл әкімдері болып сайланып, өңірлерде «Ауылдың» үні естілді!, - деп жазды ол. Соңғы алты жылда патия мүшелерінің саны да өскен. Біз, бұған дейінгі саяси науқандарға да, осы жолғысына да ешбір саяси ұпай жинау мақсатында қатысқан жоқпыз. Және саяси популизмге де бой алдырмадық. «Ауыл» партиясының әділ бәсекелестікке негізделген саяси ұстанымына азаматтарымыз әркез лайықты бағасын беріп келеді. Соңғы алты жылда мүшелеріміз санының - тағы 80 мыңға өсіп, барлығы 300 мың адамнан асуы соның дәлелі! Құрметті достар, биылғы парламент сайлауы ерекше болды. Оған өздеріңіз де куәсіздер. Саяси доданың көрігін партиялық тізімнен өзге бірмандатты округтен түсуші және өзін – өзі ұсынушы үміткерлер қыздыра түсті. «Ауыл» партиясы осы сайлауда іргелі саяси күш екендігін дәлелдеп, 8 партияласымыз Парламент Мәжілісі төрінен орын алса, тағы - 225 түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттары атанды. Кез келген саяси жүйенің аса маңызды тармағы болып табылатын - заң шығарушы биліктегі соңғы оң өзгерістер Мемлекет басшысының өткен жылғы конституциялық реформасының арқасында жүзеге асқандығын айтуымыз қажет, - деді Әли Бектаев. Ол өз алғысын білдірді. Достар, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Ауылға» дауыс берген әрбір сайлаушыға партия атынан, және жеке өз атымнан алғысымды жеткіземін! Сіздер сайлауда бізге зор сенім білдірдіңіздер! Халықтың сенімі – біз үшін ең биік құндылық әрі үлкен жауапкершілік! Сонымен қатар, партияның нағыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын ұжымдық еңбек екендігін жақсы білесіздер. Осы ретте «Ауыл» партиясының Саяси кеңесіне, жылдар бойы бағыт – бағдарымызды қолдап келе барлық мүшелерімізге, демеуші азаматтарға көп рақмет! Достар, өткен дода барысында біздің саяси ұстаныммен, жете таныстыңыздар деп ойлаймын. Қосарым, партияның сайлауалды бағдарламасы бос дақпырт әңгіме емес. Парламенттік фракция атану сол уәдемізді жүзеге асыруда көп мүмкіндіктер бермек. Ендеше, мемлекетіміздің дамуы жолында бар күш – жігерімізді салып, өздеріңізбен бірлесе отыра жұмыс жасайық!, - деп жазды ол.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024