Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Орталық – Оңтүстік» дәлізі 2024 жылы пайдалануға беріледі

baq.kz

 «Орталық – Оңтүстік» дәлізі 2024 жылы пайдалануға беріледі

Айтуынша, республикалық желі бойынша 3,6 мың шақырымда құрылыс және реконструкция жұмыстары жалғасады. Соның 856 шақырымын аяқтаймыз. Реконструкциялау бойынша жұмыстар 17 жобада жүргізілуде, олардың аясында 2024 жылға дейін іске асыру мерзімімен 3,6 мың шақырым жол қамтылатын болады. «Орталық-Оңтүстік» дәлізін дамыту аясында 946 шақырымды құрайтын «Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал-Құрты-Қапшағай» учаскелерін реконструкциялау жалғасып жатыр, - деп атап өтті ведомство өкілі. Сонымен қатар ол Қарағанды облысындағы жол учаскелерінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Қарағанды-Балқаш учаскесі бойынша 281 шақырымда қозғалыс ашылған. Балқаш-Бурылбайтал-Құрты учаскелерінде 262 шақырымда жол қозғалысы іске асырылуда және осы жылы Құрты-Қапшағай учаскесінде жұмыстар жалғасып жатыр. Жалпы, жыл соңына дейін «Орталық – Оңтүстік» дәлізі бойынша қозғалыс ашуды жоспарладық. Бұл жол учаскелері 2024 жылы пайдалануға беріледі, - деді Амангелді Беков.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 мамыр 2025